$ 443.96 € 487.73 ₽ 5.38

«Тойған сайын құтырады»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айманға қатысты мәлімдеме жасады (ФОТО)

Айманның жазбасынан кейін Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Instagram парақшасында астарлы жазба жариялады. 

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы Айман әлеуметтік желіде бірқатар мәлімдеме жасап, екеуінің арасындағы неке туралы айтты. Оның сөзінше, олар Тұрсынбекпен тек бір рет мұсылманша некеге тұрған. Сондай-ақ бұл неке екеуі үшін де алғашқысы болғанын жеткізген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Айманның жазбасынан кейін Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Instagram парақшасында астарлы жазба жариялады.

«Текті жерден қыз алсаң, тойған сайын құлпырады. Тексіз жерден қыз алсаң, тойған сайын құтырады», – деп жазды ол.

Әдемінің жазбасына әлеуметтік желі қолданушылары да пікір білдіріп, оның сөзін қолдағандарын жеткізді.

«Кімнің қандай тәрбие алғаны көрініп тұр. Осыдан кейін Айман тоқтайтын шығар. Әдемі нүктесін қойды», – деп жазды олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 41
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0