Енесінің келініне деген ықыласы желі қолданушыларының да назарын аударды.
Продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбектің енесі, еліміздің бас онколог-дәрігері Диляра Қайдар келініне деген жылы лебізін білдіріп, оның бойындағы жақсы қасиеттерін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында Диляра Қайдар Айсәуленің ақкөңілдігіне, мейірімділігіне және тәрбиесіне жоғары баға берген.
«Айсәуле өте ашық, жүрегі кең, мейірімді қыз. Әрдайым көңілді жүреді, ақкөңіл. Үнемі күліп жүреді, қандай жағдай болмасын, ол үнемі күліп жүруге тырысады. Алған тәрбиесі де өте жақсы», – деді ол.
Енесінің келініне деген ықыласы желі қолданушыларының да назарын аударды. Көпшілік олардың арасындағы сыйластық пен жылы қарым-қатынасқа сүйсініп, пікірлерін қалдырған.
«Әйел адамның өз ұлының жары туралы осындай махаббатпен, құрметпен айтқанын көру қандай ғанибет», «Өзіңіз де өте зиялы жансыз, келініңіз де сізге ұқсауға тырысады», «Иә, Айсәуле – жарқын, сүйкімді қыз» деп жазды желі қолданушылары.