12.11.2026, 12:40

«10 жыл жыладың, жетер!»: Елдос Колобок ұлын халыққа көрсетті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Танымал блогер Елдос Колобок отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісіп, көптен күткен ұлының алғашқы туған күнін атап өтті. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында баласына арналған жүрекжарды тілегін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Елдос Колобок баласының арқасында өмірлерінің өзгергенін, өздеріне «әке» және «ана» деген мәртебелі атақ берілгенін атап өтті.

«Сен өмірімізді өзгерттің, бізді де өзгерттің. Сен бізге “Әке” мен “Ана” деген атақ бердің. Біз сені шексіз жақсы көреміз. Алғашқы туған күнің құтты болсын! Осы күнге жеткізген Аллаға сансыз шүкір», – деп жазды ол.

Сондай-ақ блогер ұлының елу жасқа толған мерейтойында да оған арнап ән айтуды армандайтынын жеткізді.

"Сенің елу жасқа толған мерейтойыңда «Жаным, балам!» деп Танчо екеуіміз ән айтып тұрайық!"

Елдос Колобок оқырмандарынан ұлына ақ тілектерін арнап, батасын беруді сұрады. Сонымен қатар баласының кімге көбірек ұқсайтынын сұрап, желі қолданушыларына қызықты сауал тастады.

Тегтер: блогер баласы