11.11.2026, 10:40

«Үйде өмір сүру – азап»: Нұртас Адамбайдың әйелі сұмдық жайтты айтты (ФОТО)

Фото: Инстаграм (nurtasadambay)

Ғалия Адамбай Instagram парақшасында бірнеше сторис жариялап, психолог Төребек Бекбаевтың идеяларына қатысты пікір білдірді. 

Қазақстандық режиссер әрі актер Нұртас Адамбайдың жұбайы Ғалия Адамбай күйеуінің психолог Төребек Бекбаевтың көзқарастарын ұстанатынын айтып, отбасындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, бұл ұстаным отбасындағы жанжалдарға себеп болып, балалар тәрбиесіне де кері әсерін тигізіп отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ғалия Адамбай Instagram парақшасында бірнеше сторис жариялап, психолог Төребек Бекбаевтың идеяларына қатысты пікір білдірді. Ол аталған көзқарасты ұстанатын адамдарды «секта» деп атап, бұл құбылысты «төребекшілдік» деп сипаттады.

Әйелдің айтуынша, күйеуі балаларды өз еркінен тыс ештеңе істеуге мәжбүрлеуге болмайды деген ұстанымды қолдайды. Оның сөзінше, бұл қағида балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселелерге де әсер етіп отыр.

«Үш жасар баланың тісін тазалату үшін күн сайын күресуге тура келетін үйде өмір сүру – азап. Балаларды дұрыс, құнарлы әрі пайдалы тамақпен қамтамасыз ету де қиынға соғады», – деп жазды Ғалия.

Оның сөзінше, Нұртас Адамбай өз денсаулығына мұқият қарап, дұрыс тамақтанады, қажетті дәрілерін қабылдайды және гаджеттерді пайдалануды шектейді. Алайда жұбайы оның бала тәрбиесіне қатысты ұстанымдарымен келіспейтінін жеткізді.

Ғалия соңғы бес жылда осы көзқарастардың салдарынан көптеген қиындыққа тап болғанын мәлімдеді.

«Секта осылай жұмыс істейді. Әйелдер мен балалар зардап шегеді. Мен барлық құжат пен мамандардың қорытындысын жариялаймын. Оның да уақыты келеді. Қазір мен үшін балаларымның жағдайы маңызды», – деді ол.

Ғалия Адамбай күйеуінің «төребекшілдік» деп атаған көзқарастарды ұстануы салдарынан үнсіз қала алмайтынын айтып, тағы бір жазба жариялады.

«Күйеуімнің «төребекшілдік» сектасында болуы маған үнсіз қалуға мүмкіндік бермей отыр. Өзінің қоқан-лоққысы мен оғаш әрекеттері арқылы мені қайта сөйлеуге мәжбүрлеп жатыр», – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол алдағы уақытта өз сөздерін растайтын құжаттар мен мамандардың қорытындыларын жариялауға ниетті екенін мәлімдеді.

Әзірге Нұртас Адамбай мен Төребек Бекбаев Ғалия Адамбайдың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген жоқ.