$ 448.98 € 502.45 ₽ 5.45

Танымал қазақстандық дизайнер Аида Қауменова қара жамылды

Аида Қауменованың айтуынша, әкесі бүгін, 10 қарашада қайтыс болған.

Фото: Instagram / aidakaumenova_official
Фото: Instagram / aidakaumenova_official

Белгілі қазақстандық дизайнер Аида Қауменованың әкесі Мұрат Қауменов өмірден өтті. Қаралы хабарды дизайнер әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Аида Қауменованың айтуынша, әкесі бүгін, 10 қарашада қайтыс болған.

Дизайнер марқұм әкесін әрдайым қолдап, қамқорлығын аямаған асыл жан ретінде еске алды.

«Әкем Мұрат Қауменов өмірден өтті. Әрдайым маған сенім артып: “Қызым, өзім әкесіз өстім, сол себепті әрқашан жандарыңда боламын, сіздерге әрдайым қамқорлық жасаймын” деп отыратын асыл адам еді», – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0