11.11.2026, 03:30

«Ақшаң көп болса, денсаулыққа зиян»: Жазира Байырбекова күтпеген мәлімдеме жасады

Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

"Осы айда банктегі ақшалар жойылады дей ме?!"

Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында көпшіліктің назарын аударған жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі ақшаға қатысты әзіл аралас пікір білдіріп, қаржысы аз адамның уайымы да аз болатынын айтты. 

Әншінің сөзінше, ақшаның көп болуы да адамға қосымша алаңдаушылық тудыруы мүмкін. Ол осы айда банктегі қаражат жойылады деген қауесетке қатысты әзілдеп, несие де кешіріле ме деген сауал қойды.

«Осы айда банктегі ақшалар жойылады дей ме?! Сонда халықтың кредиттері де жойылып кете ме, кім біледі? Жақсы болған екен, бүкіл ақшаны ансамбльдеріне, жаңа театрға салып тастадым. Ақшаң көп болса да, денсаулыққа зиян ғой, ақшаны уайымдап жүресің. Шүкір осы жүрісімізге», – деп жазды Жазира Байырбекова.