$ 448.98 € 502.45 ₽ 5.45

«Гинеколог мамандар тексеру қажет»: Меруерт Түсіпбаева әкесі ернінен сүйді делінген 12 жастағы қыз туралы

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Әйгілі әнші Меруерт Түсіпбаева Өскеменде әкесі ернінен сүйген ер адам мен оның 12 жасар қызы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

”Құрметті оқырманым, демалыста едім. Желіден демаламын деп сөз бергенмін. Бірақ, ұстаз ретінде, ана ретінде, қоғам қайраткері ретінде беймарал жата алмадым,. Шыны керек, мынау кісінің әйелі, яғни қыздың анасы өзі түсірген видео тарап кеткен. Бұл арнайы көмек керек дабылы емес пе екен?! Ананың жан айқайы емес пе екен бұл? Өйткені, профайлер болмасам да, қыздың анасының күлкісі, ақталғаны барлығы жасанды көрінді маған. Кеше жұбайы екеуі отырып түсірген видеода еркек ақталып отыр, ал әйел күліп отырған сыңай танытып отыр ғой, сол жерде. Түрінде бір мысқыл күлкі аңғардым. Жасөспірім қыз өсіріп отырған аналар жауап беріңіздерші? Бұл отбасындағы оқиға сіздерге әсер етті ме? Осы қыз бала бұл еркектің туған қызы ма өгей ме екен? P.s. Кешіріңіздер, Президентіміз де айтты ғой, (сүйісу туралы) негізі. Ересек адамның сілекейі арқылы миллион инфекция тарайды ғой. Бәлкім қыз баланы гинеколог мамандар тексеруі қажет болар. Ал анасына — психолог / профайлер керек-ау”, — деп жазды әнші.

Еске сала кетейік, Өскеменде 12 жастағы қызын туған күнімен құттықтап, ернінен ұзақ сүйген әкенің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға ұшыраған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 5
Күлкілі 0
Ашулы 2