$ 448.98 € 502.45 ₽ 5.45

«Үйге қонбайды, хабарсыз кетеді»: Танымал әзілкештің әйелі отбасындағы былықты жайып салды

Фото: Caravan.kz
Фото: Caravan.kz

Жайдарман ойындарындағы “Миллион” жайдарман командасы арқылы танылған Мансар Орынханның әйелі жазба қалдырып, күйеуі оны бұғаттап тастағанын жазды,деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де жазды.

“Бәлкім, қазір эмоциямен жазып отырған шығармын…

Үйге қонбайды, хабарсыз кетеді, барлық жерден бұғаттайды.

Алты күн өтті, Алматыда жүргенін білемін. Бірақ мен өз өмірімді сүремін. Оның жоқтығынан өмір тоқтамайды. Және бұл бірінші рет емес!!!

Кеше тойға бардым, сол кезде ғана байланысқа шықты.

Қазір өзіне айтарым біреу: егер таңдауың кеше болса, үйді бізге қалдыр. Бізді таңдамағаның үшін үш баламен теңтертпе.

Мен бұл үйден кетпеймін, қусаң да”, — деп жазды жайдарманшының әйелі.

Әзірге Мансар Орынханның өзі ешқандай пікір білдірген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 3
Ашулы 2