$ 447.14 € 499.54 ₽ 5.46

«Қыдырәлі удай мас»: Желіде бұрынғы АБК тобының видеосы тарады (ВИДЕО)

Желіде Медеу Арынбаев, Қыдырәлі Болман мен Ерлан Көкеевтің бірге ән айтып жатқан видеосы тарады.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында бұрынғы АБК тобы сахнаға шығып, өнер көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде Медеу Арынбаев, Қыдырәлі Болман мен Ерлан Көкеевтің бірге ән айтып жатқан видеосы тарады.

Видео авторы «Мейрамбек ағаның елу жас тойы. АБК тобы. "Тамшылар" әні» деп жазба қалдырған.

Желі қолданушылары үш өнерпаздың бас қосқанына қатысты түрлі пікір білдірді.

«Үшеуі үш әлем, қалай қосылған?», «Көкеев ағамыз в форме екен», «Қазақстан барысына қатыстырып жіберу керек», «Ерлан Көкеев не боп кеткен? Шашы не әп-әйдік, еркек жаман екен», «Медеу Арынбаев қартаюды ұмытып кеткен сияқты», «Қыдырәлі удай мас қой, әрең тұр ғой, теңселіп», «Мейрамбек братан красавчик! Сіз 50-ге толмасаңыз, АБК-ны тыңдамас едік. Еске түсті бала кезіміз», – деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0