Әнші Тоқтар Серіков Мейрамбек Беспаевтың 50 жылдық мерейтойында домбыраны 16 миллион теңгеге сатылымға шығарып, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінің айтуынша, аспаптың басты ерекшелігі – оған есімдері елге белгілі тұлғалардың қолтаңбасы қойылған.
Алайда әншінің бұл әрекеті желі қолданушыларының сынына ұшырады. Көпшілік «Тойынғандық», «Киелі домбыраны сатқан несі, сыйламай ма?», «Тойдың ақшасын шығарды» деген пікірлер қалдыруда.