06.11.2026, 23:30

«Енді басы бос әйелмін»: Байырбекова күйеуімен ресми ажырасқанын айтты (ВИДЕО)

Фото: malim.kz

Жазира Байырбекованың сіңлісі Нәзира Байырбекова некесін ресми түрде бұзғанын мәлімдеді. Бес баланың анасы сотқа берген ажырасу туралы өтінішінің қанағаттандырылғанын айтып, өмірінің жаңа кезеңін бастайтынын жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Енді мен Қазақстандағы басы бос, бойдақ әйелдердің қатарындамын», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Нәзира Байырбекова бойдақ қыз-жігіттер мен ажырасқан азаматтарға үндеу жасап, өзгенің отбасына араласпауға шақырды. Оның сөзінше, біреудің шаңырағына сызат түсіру ерлі-зайыптыларға ғана емес, балалардың да психологиялық жағдайына әсер етеді.

«Біреудің отбасындағы бақытқа қол сұғатын ұры болмайық. Бар шаңырақтар сақталсын! Біз тілекші болайық», – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Нәзира әлеуметтік желіде жолдасының опасыздығы туралы ашық айтып, сатқындықты кешірмейтінін мәлімдеген болатын.