Айман Талғатқызы Instagram парақшасында TADDS деп аталатын брендінің алғашқы топтамасын таныстырды.
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы жаңа кәсіпті қолға алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол әйелдерге арналған киім тігетін жеке брендін ашып, өнімдерін әлеуметтік желіде жарнамалай бастады.
Айман Талғатқызы Instagram парақшасында TADDS деп аталатын брендінің алғашқы топтамасын таныстырды. Кәсіпкер әйелдерге арналған сәнді екілік костюмдер шығаруды қолға алған. Оның сөзінше, киім тігуде матаның сапасы мен бұйымның қолайлылығына басымдық берілген.
Жаңа топтамада бірнеше түсті костюм бар. Оларды күнделікті киюге де, түрлі іс-шараларға баруға да болады. Кейбір үлгілерінің жеңі ерекше сәндік элемент – қауырсындармен безендірілген. Сегіз қабаттан жасалған бұл әшекейді қажет болған жағдайда шешіп тастауға мүмкіндік бар.
«Тазалықпен, махаббатпен, ұқыптылықпен, сапамен арнайы тігілген екілік», – деп жазды ол.
Тағы бір назар аударарлығы, Айман Талғатқызы жаңа топтамасын таныстыру үшін кәсіби модельдерді шақырмаған. Керісінше, өзі тіккен киімдерді өзі киіп, әр үлгісін оқырмандарына көрсетіп жүр.
Кәсіпкер жаңа өнімдерінің сапасы мен жайлылығын ерекше атап өтіп, киімдердің тек әдемі көрінісіне ғана емес, күнделікті қолданысқа ыңғайлы болуына да мән бергенін жеткізді.