$ 453.26 € 506.7 ₽ 5.58

«Сол түсі орындалды»: Айгүл Иманбаева құрбысының ерекше қасиетін айтып берді (ВИДЕО)

Қазір ол құрбысының қуанышына ортақтасу үшін Ақтауға барған. 

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Айгүл Иманбаева құрбысы Баян Алагөзованың бес жыл бұрын айтқан түсі дәл келгенін мәлімдеді. Актрисаның сөзінше, сол кезде Баян оған болашақта тұрмысқа шығатынын, алайда күйеуінің Қазақстанда тұрмайтынын айтқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, осыдан бес жыл бұрын Баян Алагөзова таңертең хабарласып, көрген түсін бөліскен.

«Осыдан 5 жыл бұрын Баян құрбым таңертең хабарласып: “Сені түсімде көрдім, күйеуге шығасың, бірақ ол Қазақстанда тұрмайды”, – деді. “Ой, аузыңа май” деп жауап қайтарғаным есімде.

Қарап отырсам, сол түсі орындалды. Ал мен қазір Ақтаудамын, құрбымның қуанышына ортақтасуға келдім», – деді актриса.

Айта кетейік, Айгүл Иманбаева осыдан бір жыл бұрын тұрмысқа шыққанын жариялаған еді. 

Желі қолданушылары Баян Алагөзованың бұл қасиетіне назар аударып, оның интуициясы жоғары екенін жазып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0