04.11.2026, 15:40

Жайдарманшы енді депутат болмақ: Мансұр Орынхан Мәслихат депутаттығына үміткер атанды

Фото: видео скриншот

Жайдармандағы "Миллион" командасы арқылы танылған Мансұр Орынхан Түркістан облысы, Арыс қаласы мәслихатының депутаттығына үміткер атанды. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Мәдениетке қолдау, спортқа серпін, елге даму!

Елдің ең үлкен байлығы – оның адами капиталы. Әр азаматтың қабілетін ашу, жастардың әлеуетін қолдау, ұлттық құндылықтар мен рухани мұраны дәріптеу – ел болашағының негізі.

Мәдениет пен өнерді өркендетіп, спортты дамыту арқылы ұлттың рухани және зияткерлік әлеуетін арттырып, бәсекеге қабілетті, дені сау әрі өркениетті қоғам қалыптастыру – ортақ міндетіміз.

Адам капиталына инвестиция – елдің жарқын болашағына жасалған қадам», — деп жазды жайдарманшы.