04.11.2026, 15:20

«Жалғыз ұлынан айырылу ғұмырлық қайғы»: Журналист Меруерт Өтекешова туралы жантебірентерлік жазба қалдырды

Фото: Instagram/aliya.kudaibergenova

Танымал продюсер Әли Құдайбергенова қазақ кино өнерінің майталманы Меруерт Өтекешова жайлы жан сырын ақтарды. Продюсер қазақтың кино өнерінің саңлағы туралы жазбасымен желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Ару десе ару ғой! Табиғат сыйлаған сұлулықтың сыны да, сыры да кетпейді. Меруерт апаймен естелікке суретке түстім. Парақшамда тұрсын дедім.

Апайдың жүзі ғана сұлу емес, жаны да сұлу. Жаны сұлу, жаны көркем болмаса анадай аспандап тұрған атаққа қылау түсірмей алып жүре алар ма еді?! Жаны көркем, табиғаты байыпты болмаса тағдырында жолыққан талай ауыртпалық, қайғыны көтере алар ма еді?! Жалғыз ұлынан айрылу дегенің ғұмырлық қайғы ғой…

Бәріне аса үлкен сабырмен, тәубемен қарады. Сырбаз, сұлу, паң қалпын жоғалтып алмады. Сұлу, мейірімді жүзін ашыныспен былғамады. Жанын кірлетпеді. Былғанбады. Біз, көбіміз ол кісіні сондай бір алғаусыз көңілмен жақсы көретініміз содан. Табиғатының тазалығы ғой!

Әйтпесе жолықанның бәріне жалбырай кететін де мінезі жоқ апайдың. Біртоға. Салмақты, қарапайым қалпында. Бар адамға бірдей. “Қыз Жібек” болмай-ақ тұтас елге міндет артатындар қаншама, Құдай-ау! Оның жанында бұл кісі бір періште кейіптегі адам ғой! Ұзаақ жасаңыз!», — деп жазды ол. 

Көпшілік продюсердің әсерлі жазбасын қолдап, жылы пікірлерін жаудырып жатыр.