Күні кеше Қазақстанда продюсер Баян Алагөзованың ұйымдастыруымен "Қазақ аруы" байқауы өтті. Аша Матай «Қазақ аруын» жүргізу тәжірибесі туралы желіде пост жазып, елдің назарына іліккен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат поратлы.
«Асылым Өтепберген- “Қазақ аруы 2026” Халқымыздың жүрегінен орын алып, ел таңдаған ару атануыңмен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жеңіс – сұлулығыңның ғана емес, ақылың мен парасатыңның, қазақ қызына тән ибалығың мен көркем болмысыңның жемісі!
Тәжің құтты, мерейің үстем болсын! Қазақ қызының абыройын асқақтатып, әрдайым биіктен көріне бер! Ел таңдаған ару – ел мақтанышы!
Биыл Баян Алагөзова бастаған “BM Production” командасы бұл жобаны қазақ киносының аңызы Меруерт Өтекешоваға және ұлттық кино өнеріміздің жауһары «Қыз Жібек» фильміне арнады.
Қазақтың ұлттық сұлулығын, тарихын, өнері мен мәдениетін осындай керемет үйлесіммен дәріптеу – ерекше құрметке лайық! Көздің жауын алған, жүрекке жылу сыйлаған ғажайып кеш болды! Баян Алагөзова мен BM Production командасына мың алғыс! Керемет әсер, тамаша туынды! Браво!», — деп жазды ол.
Алайда, көпшілікке оның байқауды жүргізу мәнері ұнамай, олар желіде әншіні қатаң сынға алған.