04.11.2026, 12:00

«Балалы болыңдар!»: Дариға Бадықованың анасы күйеу баласына төс тартты (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Қазақта күйеу балаға “төс ұсыну”деген әдемі дәстүр бар.

Жақында шаңырақ көтерген Дариға Бадықова мен Олжас Абайды анасы үйіне "есік көрсетуге" шақырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Күйеубала Олжасқа арнайы төс тартқан. 

"Қазақта күйеу балаға “төс ұсыну”деген әдемі дәстүр бар. Бұл – ананың күйеу баласына деген құрметі мен сыйластығының белгісі.

Сондықтан салт-дәстүрден аттамай, бүгін анамыз Олжасқа төс ұсынды", - деп жазды олар желідегі парақшаларында. 

Оқырмандар түрлі пікір қалдырды. 

"Батыста төске ақша тастайды", "Дариғаның баласы ма?", "Дариға туып алса болар еді", "Түк болмағандай төс жеп отыр", "Бала-шағасын тастап мәз болып отыр", - деп жазды желі қолданушылары.