$ 453.64 € 508.17 ₽ 5.59

«Түнімен ұйықтай алмадық»: Тұрсынбектің екінші әйелінің денсаулығы сыр берді

Біттік..

Фото: Бейнежазбадан
Фото: Бейнежазбадан

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы денсаулығы сыр беріп, ауырып қалғанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Қарағандыға келіп, барлығымыз командамен ауырып қалдық. Вирус бір-бірімізден жұқты ма, білмеймін. Бүгін құладық. Түнімен ұйықтай алмадық. Мұрын, тамақ, температура… Біттік. Бір кісіден басқамыз құладық. Бірақ жұмыс тоқтамайды», – деді ол.

Сондай-ақ Айман аурудың бір пайдасы барын әзілге айналдырып, оқырмандарына ауырмауды тіледі.

«Ауырғанның бір пайдасы – арықтап, еркелеп қаласың ғой, иә? Бірақ ауырмаңыздар», – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0