$ 453.64 € 508.17 ₽ 5.59

«Құтты үй болды»: Мирас пен Құралай төрт қабатты зәулім сарайын сатылымға шығарды

Ерлі-зайыптылар зәулім үйлерін 290 миллион теңгеге бағалаған.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Танымал әнші Мирас пен Құралай өз үйлерін сатылымға шығарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы өнер иелері TikTok желісінде жариялаған видеода мәлімдеді.

«Құралай, мен бұл үйге ризамын. Құдайға шүкір, осы үйге көшіп келгеннен бері той да той. Тойымыз тойға ұласып жатыр. Концерттерімізді де өткізіп жүрміз. Қаншама қонақтарымыз бен құдаларымызды күтіп алдық. Бұл – төрт қабатты, аумағы 900 шаршы метрді құрайтын еңселі шаңырақ», – деді Мирас Бекжанов.

Ерлі-зайыптылар зәулім үйлерін 290 миллион теңгеге бағалаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0