03.11.2026, 12:20

«Олжас бұрынғы әйелін қимайды»: Дариға Бадықованың жазбасы жұртты ойландырды (ФОТО)

Фото: Инстаграм

Актрисаның жазбасы желі қолданушыларының назарын аударды. 

Танымал актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде өмір туралы ой салатын жазбасын жариялады. Ол соңғы уақытта көп нәрсені түсініп, көзқарасы өзгергенін жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Дариға неге өзгерді?» деген сұраққа актриса журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында былай деп жауап берген:

«Өйткені Дариға көп нәрсені түсінді. Көп нәрсені жүрегінен өткізді. Бұрын бәріне алаңдайтын, бәріне түсінікті болуға тырысатын... Барлық өзгеріске дайынмын! Уақыт – даналық!» – деп жазды ол.

Актрисаның жазбасы желі қолданушыларының назарын аударды. Олар Дариғаның өзгерісіне қатысты түрлі пікір білдірді. Бірі оның жүзіне ерекше назар аударса, енді бірі жеке өмірін сөз етті.

«Жанарыңызда от пайда болыпты», «Жанып тұрсыз», «Дариға ашынды ғой», «Тез қосылады, тез ажырасады», «Жас жігітке шығып, арықтапты», «Дариға өте қатты жақсы көретін сияқты», «Олжас бұрынғы әйелін қимайтын сияқты» деген пікірлер қалдырды.