01.11.2026, 05:30

«Қатты сөкпеңіздер»: Айгүл Мүкей мен Ләйлә Сұлтанқызының қызды ұзатқаны талқыға түсті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында ұзату рәсімінен видео жариялап, қалыңдықтың өтінішін орындағандарын жеткізді.

Тележүргізушілер Ләйлә Сұлтанқызы мен Айгүл Мүкей алғаш рет дуэт болып қыз ұзату әнін орындады. Олардың өнеріне қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында ұзату рәсімінен видео жариялап, қалыңдықтың өтінішін орындағандарын жеткізді.

«Қатты сөкпеңіздер. Біз әнші емеспіз, дегенмен қызымыздың бір ауыз сөзін жерге қалдыра алмадық. Бағың жансын, бағалым! Айгүл Мүкей екеуміздің дуэтіміз, дебют», – деп жазды ол.

Жарияланым астында кейбір оқырмандар қос тележүргізушінің ән орындауын сынаған. Олар «Тезірек бітсін дегендей жылдам айттыңдар», «Сөздерін де жаттамаған», «Енді қыз ұзатуға шыққан ба?» деген пікірлер қалдырды.