29.10.2026, 17:20

«Ұятын-ай, ұзап кетті»: Жазира Байырбекова әлі құдалық жасамағанын айтты

Фото: Видеодан алынған кадр

Өнер иесі оқырмандарынан көмек сұрады. 

Ұлын үйлендірген Жазира Байырбекова әлі күнге құдалық өткізбегенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі оқырмандарынан көмек сұрады. 

"Екі бала үйленген кезде той жасадық, бірақ әлі құдалық жасамадық. Ұятын-ай. Содан құдалық жасайық, ұзап кетті деп мейрамхана іздеп жүрміз. Қайда жасаған дұрыс? Бізге ақылдарыңыз керек. Үйде де күтеміз, бірақ күндіз үйде, кешке мейрамханаға апару керек шығар", деді ол. 

Айта кетейік, Жанболат пен Жазира жалғыз ұлын үйлендіріп, құда-құдағи атанған еді.