Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, көпшілікті жағымсыз пікір жазбауға шақырды.
Танымал актер Олжас Абай жары Дариға Бадықованы қорғап, оны сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, көпшілікті жағымсыз пікір жазбауға шақырды.
«Енді менің жанымдағы кісіні біреу ренжітсе, маған ренжімесін... Жаман сөз жазып, табалай бермеңдер. Ешкім ешкімді бала-шағасынан ажыратқан жоқ. Бірінші некеден тоғыз жыл бұрын екі жақтың келісімімен кеткен адамдармыз. Ол кезде Дариғаны танымаймын да. Осы тақырып жабылсын... Бақыт тілеп жатқан жандар, сіздерді өнермен талай қуантамыз», – деп жазды Олжас Абай.
Сондай-ақ актер жарына қолдау білдіріп, оған алаңдамауға кеңес берді.
«Уайымдама, жартым, шайқаймыз, көресің», – деп жазды ол.