29.10.2026, 03:30

«Жастық ішумен өтті»: Төреғали Төреәлі жазбасымен тағы елді шулатты

Фото: Видеодан алынған кадр

Өнер иесі бұл жолы ақын Есенқұл Жақыпбектің өлең жолдарын жариялап, оқырмандарын тағы да елең еткізді.

Әнші Төреғали Төреәлі Threads желісінде көпшіліктің назарын аударған шулы жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі бұл жолы ақын Есенқұл Жақыпбектің өлең жолдарын жариялап, оқырмандарын тағы да елең еткізді.

«Жастық шақ біздің өтті ішіп, Жұрт ұқсап жөндеп іше алмай. Түспейтін көзге көп түсіп, Түсетін көзге түсе алмай. Отырмыз енді көт қысып, Ұшайын десе ұша алмай», – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін де Төреғали Төреәлінің «Әйел шешінбей, мәселе шешілмейді», «Әуелі төсек тербеледі, сосын бесік тербеледі» деген жазбалары әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді.

Желі қолданушылары әншінің жазбаларына қатысты түрлі пікір білдірді.

«Телефонын алып қоятын адам бар ма?», «Күз ешкімді аямады», «Қарындастарынан ұят болды», «Мынаған не болған?», «Абыройын төгіп жүр», – деп жазды көпшілік.