28.10.2026, 15:40

Бір бума доллар мен iPhone: Алтынай Жорабаева күйеуінің сыйлығымен мақтанды (ФОТО)

Фото: Инстаграм

Әнші туған күніне орай отбасымен түскен суретін жариялады. 

Танымал әнші Алтынай Жорабаева 48 жасқа толды. Өнер иесі туған күнінде жақындары сыйлаған сыйлықтарды көрсетіп, әлеуметтік желіде отбасына алғысын білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші туған күніне орай отбасымен түскен суретін жариялады. Сондай-ақ бір құшақ гүл мен өзге де сыйлықтарын көрсетті.

«Қош келдің, 48 жасым. Аллаға сансыз мақтаулар мен мадақтар. Маған тілеген тілектеріңіз, өздеріңізге еселеп қайтсын. Алла қосқан қосағыма, қыздарыма мың алғыс. Сендерді шексіз жақсы көремін», – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Алтынай Жорабаеваны туған күнімен құттықтаған жұлдыздар мен желі қолданушылары оған жылы лебіздерін арнады.

«Айдай жарқыраған Алтынай, жаңа жасыңыз құтты болсын!», «Бақытты бол! Сарышаяндар бақытты болсын! Жүз жаса!», «Бақытың еселенсін құрбым!» – деп жазды желі қолданушылары.