$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.6

«Қант диабеті басталған»: Рамазан Амантайдың денсаулығына қатысты жағымсыз жаңалық айтылды (ВИДЕО)

Бұл туралы блогер Instagram парақшасында мәлімдеді. 

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал актер әрі ақын Рамазан Амантай блогер Zheka Fatbelly-мен бірге денсаулығын тексертуге кірісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы блогер Instagram парақшасында мәлімдеді. 

Актер арықтауға бел буғанын айтты. Ал блогер Жека Рамазанның денсаулығына қатысты кейбір жайттарды бөлісті.

«Бастамасы кетті! Енді алда тек еңбек!» – деп жазды блогер.

Оның айтуынша, Рамазанның қаны қою болғандықтан, 200–300 миллилитр қан алдыру қажеттігі айтылған. Сондай-ақ дәрігер тексеру барысында актерде қант диабетінің бастапқы белгілері барын және бірқатар дәрумен жетіспейтінін жеткізген.

Желі қолданушылары актерге қолдау білдіріп, бастаған ісіне сәттілік тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0