$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52

«Ақылым болмапты»: Рамазан Амантай өткен өміріне өкініп жылады (ВИДЕО)

Актер бұл туралы журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты. 

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал актер Рамазан Амантай әлі күнге дейін баспанасыз жүргенін айтты. Өнер иесі ақшаны орынсыз жұмсайтынын да мойындады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Актер бұл туралы журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтып, осы уақытқа дейін баспана алуға жететін қаражат тапқанын, алайда ақшаны жинай алмағанын жеткізді.

«Жиырма үй алатындай ақшам болған шығар осы күнге дейін. Бірақ ақылым болмапты. Әйелім айтпайды емес, айтады. Мен бой бермеймін. Ақшаны әйелім жинайтын шығар деп ойлайтын шығар, бірақ ақша өзімде болады. Ешқандай жағдайда оған бермеймін. Өзімде ғана болады. Мен далаға шашамын. Көп ақымақтығыма куә бауырларым бар. Соның барлығын есіме түсіріп, жылап жібердім», – деді актер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0