22.10.2026, 09:40

«Әлі сол қалпы»: Сахнадан жоғалып кеткен Бақыт Шадаеваны көпшілік танымай қалды

Фото: Instagram/gulnaz_alimgerey

90-шы жылдары қазақ эстрадасының жұлдызы болған Бақыт Шадаеваны бүгінде сахнаға көп шыға бермейді. Көп жылдардан кейін желіге оралған өнер иесін көпшілік танымай қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші Бақыт Шадаеваны журналист Гүлназ Әлімгерей желідегі парақшасына салып, оның қазір қайда жүргенін еске салды. 

«2000-жылдар жұлдызы. Нәзік үні мен сұлу сымбаты үйлескен Бақыт Шадаева осы әнімен есімде қалыпты. Әлі сол қалпы.

Сонау 2000-жылдардың басында «Азия дауысы» халықаралық байқауында жеңімпаз атанғанда, бүкіл ел теледидардан тамашалап, тілекші болған едік…

Биыл өнерде жүргеніне — 40 жыл екен. Сағынған көрерменімен қауышуына себепші болған — әріптесіміз @bagdagulrahmetkyzy . Әншінің жеке концертін батыстан бастауы бекер емес. Ескендір, Жұбан, Қадірдей тұлғаларды түлеткен қасиетті топырақтың рухы бөлек, баталы мекен.

Ән сапарыңыз сәтті өтсін, Бақыт ханым! Көрерменіңіздің ыстық ықыласына бөлене беріңіз!», — деп жазды ол.