$ 450.69 € 505.04 ₽ 5.45

«Өлтіріп кеткені ауыр тиді»: Ердос Қанаев желіде көз жасына ерік берді (ВИДЕО)

Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

"Жігіттер" тобының солисі Ердос Қанаев белгісіз біреудің итін қағып өлтіргенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды. 

"Иә, мен сондаймын енді.  Жанашырлық болар, мейіріміділік болар.
Біреуге күлкілі болар. Паблик парақшалар да жерден жеті қоян тапқандай жарысып жазар.  

"Мынаған не болды итті жоқтап" дейтіндер де табылар қәзір. Бірақ көз алдыңда қаңсылатып, өлтіріп кеткені ауыр тиді.  Ит досыңа айналса жақсы, бірақ досың итке айналса жаман" деуші еді. Жеті қазынаның бірі деп те бекер айтпаған.

Ит байғұсқа берілген үлкен бір нығметі иесіне адал болуы екен. Кейде адамнан осы қасиет кеткенде, осы бір хайуанның адалдығын көріп ішімнен таңдай қағатынмын. Неткен адалдық? деп. Кейде бір ауыр ойларға шомып кеткенде қасыма келіп: "Мен түсінем ғой, маған айтсай сырыңды" дегендей көзіме қарап тұратын.
Мейірімсіз жан! Есік алдымнан әлі талай өтерсің. Сол кезде қандай сезімде болар екенсің???", деп жазды әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0