$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41

«Жүрегімдесіз...»: Гүлзира Айдарбекова марқұм анасын жоқтады (ВИДЕО)

"Егер өмірге қайта келсем, еш ойланбастан тағы да өзіңізді таңдар едім".

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Продюсер Гүлзира Айдарбекова марқұм анасын еске алып, әлеуметтік желіде жүрекжарды жазбасын жариялады. Ол анасына деген сағынышын жеткізіп, өмірден өткен жақындарына дұға бағыштады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Продюсер анасының қызы болғанына шүкіршілік ететінін айтып, егер өмірге қайта келсе, дәл осы жанды анасы ретінде тағы да таңдайтынын жазды.

«Анашым, жәннатым! Жанымда болмасаңыз да, жүрегімдесіз. Сіздің қызыңыз болғаным үшін Аллаға сансыз шүкір айтамын. Егер өмірге қайта келсем, еш ойланбастан тағы да өзіңізді таңдар едім. Сіздей шыншыл, жігерлі, мейірімді әрі еңбекқор жанның қызы болу – мен үшін үлкен бақыт», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Гүлзира Айдарбекова жұма күні өмірден өткен ата-аналар мен жақындарына дұға бағыштап, олардың жәннаттан орын алуын тіледі. Ол ата-анаға дұға етудің маңызын да атап өтті.

Бұдан бөлек, продюсер анасының бейнесін көз алдына қайта әкелген видео үшін @livemoments_kz парақшасына алғысын білдірді. Оның айтуынша, дәл анасын сағынып, ойлап жүрген жұма күні осы видео алдынан кездейсоқ шыққан.

«Анашымды ойлап жүргенімде, дәл жұма күні алдымнан осы видео шыға келді. Бұл да Алланың қалауымен болған шығар. Бәлкім, жан анам менің іштей қиналып жүргенімді сезіп, есіне алған болар», – деп жазды продюсер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0