17.10.2026, 05:30

«Неге таңқаласыңдар?»: Динара Сәтжанның жүктілігі қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Коллаж: Видеодан алынған кадр

Тележүргізушінің өз парақшасындағы жазбасының астына да осыған қатысты пікірлер жазылған.

Тележүргізуші Динара Сәтжанның форумда түсірілген видеосы әлеуметтік желіде талқыланды. Кейбір қолданушылар оның сәби күтіп жүруі мүмкін екенін жазып, құттықтау пікірлерін қалдырған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Динара Сәтжан 15 қазанда Алматыда өткен BeWoman Asia форумына спикер ретінде қатысқан. Оның сахнадағы видеосы жарияланғаннан кейін желіде жүктілік туралы болжам тараған.

Тележүргізушінің өз парақшасындағы жазбасының астына да осыған қатысты пікірлер жазылған.

«Аяғы ауыр келіншек — ең сұлу келіншек. Құттықтаймын сізді, Динара», — деп жазған оқырмандардың бірі.

Тағы бір қолданушы орыс тілінде «Ең сұлу әйел — жүкті әйел» деген пікір қалдырған.

Ал енді бірі мұндай болжамға таңғалудың қажеті жоқ екенін айтқан.

«Несіне таңқаласыңдар, күйеуі бар, табиғи нәрсе емес пе?» — деп жазған пікір авторы.

Сонымен қатар форумға қатысқан әйелдерге қолдау білдіргендер де бар.

«Әрқайсысынан нұр төгіледі, әркім бойындағы барымен бөліседі. Барлық әйелге жеңіске жету жолында табыс тілеймін», — делінген пікірлердің бірінде.

Алайда Динара Сәтжанның өзі жүктілік туралы болжамды растаған жоқ, және оған қатысты түсініктеме берген жоқ. Әзірге бұл — әлеуметтік желі қолданушыларының жорамалы.