Ол ұлына Дени есімін қойды.
Қазақстандық танымал әнші Луина екінші сәбиін дүниеге әкелді. Екінші рет ана атанып, ұлына Дени есімін қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісіп, босану сәтінен бірнеше сурет жариялады. Сондай-ақ жаңа туған ұлына Дени есімін қойғанын айтты.
Әріптестері, достары мен тыңдармандары әншіні құттықтап, сәбиге зор денсаулық, отбасына амандық тіледі.