$ 450.62 € 504.2 ₽ 5.36

«Бес парызын бұлжытпай орындады»: Сәкен Майғазиев анасы туралы жүрек тебірентер сөз айтты (ВИДЕО)

Кадрларда әнші анасы туралы естеліктерімен бөлісіп, көзіне жас алды. 

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал әнші Алтынай Жорабаева Сәкен Майғазиевтің анасына арналған қонақ асынан видео жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Кадрларда әнші анасы туралы естеліктерімен бөлісіп, көзіне жас алды.

«Анамыз денсаулығы сыр беріп, сәждеге бара алмай қалғанға дейін намаз оқыды. Алланың бұйырған бес парызын бұлжытпай орындады десем, артық айтпаймын. Алла білуші. Қажылыққа 2014 жылы Нұрлан ағаммен бірге барып келді. Мен бақытты ұрпақтардың бірімін», – деді Сәкен Майғазиев.

Ал Алтынай Жорабаева әншіге көңіл айтып, анасының жаны жәннатта болуын тіледі.

«Сәкен аға, анаңыздың жаны жәннаттың төрінде шалқысын», – деп жазды Алтынай Жорабаева. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0