Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың тойға қатысты кадрлары әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың тойға қатысты кадрлары әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Олжас Абай Instagram парақшасында қара костюм киіп, сәнді көліктің жанында түскен кадрларын жариялаған. Жазбасында ол «срочно бақытты болу керек болып тұр» деп, «кешке той» екенін айтқан.
Тағы бір видеода ақ түсті салтанатты киімдегі Дариға Бадықова көліктің жанында көрінеді. Қасындағы ер адам оған қолшатыр ұстап тұр.
«Екі ананың дұғасы қабыл болған күн», — деп жазған актер видеоның сипаттамасында.
Жарияланымдардан кейін желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. Бірі «Той құтты болсын», «Төл мереке мен үйлену той құтты болсын» деп құттықтаса, енді бірі сын айтқан.
Дегенмен жарияланымдарда тойдың мән-жайы толық түсіндірілмеген.