Ол Қытайға барған сапарында түсірілген видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Қайрат Нұртастың ағасы Занғар Нұртастың бұрынғы жұбайы Жібек қытай тілін білу деңгейімен оқырмандарын таңғалдырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол Қытайға барған сапарында түсірілген видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Видеода Жібек жергілікті тұрғындармен қытай тілінде сөйлесіп, саудаласып жатқанын көруге болады. Ол жазбасына әзіл аралас пікір қалдырып, бұрын саудаласуды нашар білетінін, ал қазір одан да нашар болып кеткенін жазған.
Алайда оқырмандардың назарын оның саудаласуы емес, қытай тілінде сөйлеуі көбірек аударды. Желі қолданушылары Жібектің қытайша айтылымына назар аударып, акцентінің іс жүзінде байқалмайтынын атап өтті.
«Қытайша қандай әдемі сөйлейді», «Қытай тілінде акцентсіз сөйлейді», «Айтылымы өте әдемі» деп пікір қалдырғандар көп болды.