Әзірге Қайрат Нұртас қызы Алаумен бірге Астанадағы концертте өнер көрсететінін ресми түрде жариялаған жоқ.
Танымал әнші Қайрат Нұртас Астанада өтетін концертіне қызу дайындалып жатыр. Өнер иесінің дайындық барысынан видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Желі қолданушылары бейнежазбадан әншінің қызы Алаумен бірге дайындалып жүргенін байқап, әкелі-балалы екеуі концертте бірге өнер көрсетуі мүмкін екенін топшылады.
Бұл жағдай оқырмандар арасында қызу пікірталас тудырды. Кейбірі олардың бірге ән айтатынын сұраса, енді бірі әншінің шығармашылығына қатысты сын-пікірлерін ашық жазды.
«Қызы екеуі ән айта ма?», «Екеуінің дауысы бірдей», «Несіне дайындаласыңдар?», «Фонограмма қосып, ауыз жыбырлатасыңдар», «Алау мен Нарұл өнерге жақын», «Сендерді ешкім сағынбады», «Фонограмма жыртып тұр Қайрат», «Осы қыз сахнаның қадірін кетірді», «Балаларына әншілік өнер дарымаған» деген пікірлер қалдырылды.
Әзірге Қайрат Нұртас қызы Алаумен бірге Астанадағы концертте өнер көрсететінін ресми түрде жариялаған жоқ.