18.09.2026, 03:30

«Неге ажырасқанымды түсіндім»: Айнұр Тұрсынбаева қиын күндерін еске алды

Фото: жеке парақшасынан алынды

Тіпті кей сәттерде өмір сүргісі келмегенін де жасырмады.

Айнұр Тұрсынбаева сол кезеңде болашағын ойлап, қатты күйзеліске түскенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тіпті кей сәттерде өмір сүргісі келмегенін де жасырмады.

«Сату білмеймін, бірдеңе бастасам, банкротпен бітіп жатты. “Квестра”, “Апорт” деген пирамидаларға кіріп, қалған ақшамнан айырылып, қарызға кіріп кеттім. Жылап жатып қалдым, ауруханаға түстім. Ештеңе көмектеспеді. Миым өліп қалған сияқты болды», – деп жазды ол.

Ақынның сөзінше, ол кезде бірнеше ай бойы қалыпты өмір ырғағынан алыстап кеткен. Түнгі уақытын мешітте өткізіп, дұға жасап жүрген. Күндіз ұйықтап, түнде ояу болғанын да еске алды.

Осылайша, оның айтуынша, тоғыз айға жуық уақыт өткен. Сол аралықта кітап оқуға және жаңа білім іздеуге ден қойған. Алғашында онлайн сабақтарды тыңдауға шамасы жетпегенімен, кейін офлайн курстарға қатысып, кітап оқи бастаған.

Айнұр Тұрсынбаева «Трансерфинг реальности», «Подсознание может всё», «Богатый папа, бедный папа» сияқты кітаптарды оқып, дүниетанымы өзгергенін атап өтті.

«Маған жаңа әлемнің есігі ашылды. Неге қиналғанымды, қарызға кіргенімді, ажырасқанымды – бәрін-бәрін түсіндім. Солай орнымнан тұрдым», – деді ол.

Қазір ақын өзінен өткен қиындықтарды бастан кешіріп жүрген адамдарға білім алуға кеңес беретінін айтты. Сондай-ақ оқыған кітаптарын қазақшаға бейімдеп, қажетсіз тұстарын алып тастап, қазақ тілінде кітаптар жаза бастағанын жеткізді.