Танымал продюсер Баян Мақсатқызы өзінің студиясына Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісованың келгенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
"Бізге қонаққа кім келгенін қараңыз. Мақпал Жүнісованың өзі келді, патшайым. Патшайым, біз сізге иілеміз. Ешкімге иіліп сәлем бермейміз, бірақ сіздің алдыңызда иілеміз. Кабинетіме барып шай ішейік десем, қазір бір дубльмен ән жазып тастайын сосын барамын, дейді. Оны маған әкем де айтқан. Мақпал келіп бір дубльмен жазады да кетеді, дейтін. Сәттілік", деп риза болды Баян Мақсатқызы.
Кейін продюсердің шәкірті Аружан Мақпал Жүнісоваға бір шоқ гүл сыйлады.