Қызын сағынған Марат Омаров кездесуде көзіне жас алып, Заринаны құшағына басты.
Танымал әнші әрі композитор Марат Омаров АҚШ-тан келгеннен кейін алғаш рет сұхбат беріп, қызы Зарина Омаровамен кездесті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әсерлі сәтті Зарина Омарова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Әке мен қыздың кездесуі «Мың бір түн» бағдарламасының эфирінде өтті.
Әнші бағдарлама ұжымына алғысын білдіріп, эфир барысында сағыныш пен қуаныш қатар өрілгенін жазды.
«Эфирде бәрі сондай шынайы болды… Сағыныш та, қуаныш та, жүректен шыққан әңгімелер де қатар өріліп, ерекше әсерлі кешке айналды. Осындай әдемі эмоциялар мен естелік сыйлағандарыңыз үшін алғысым шексіз!» – деп жазды Зарина Омарова.
Қызын сағынған Марат Омаров кездесуде көзіне жас алып, Заринаны құшағына басты. Әсерлі сәтке куә болған желі қолданушылары әке мен қызға жылы тілектерін жаудырды.