$ 447.88  516.58  5.29

«Ішіме тиіспеңдер!»: Ерке Есмахан жүктілігі туралы қауесетке жауап берді

"Бұл менің үш ұлдың анасы деген ең жоғарғы статусым ғой".

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Танымал әнші Ерке Есмахан өзінің жүктілігі туралы тараған қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде өнер иесінің жүкті болуы мүмкін екені туралы түрлі болжам тараған. Әнші көпшілік талқылауына жауап беріп, әлеуметтік желідегі парақшасында өз ойын жазды.

«Ішіме тиіспеңдер. Бұл менің үш ұлдың анасы деген ең жоғарғы статусым ғой. Кететін шығар, босанғаныма бір жыл ғана болды ғой», – деп жазды Ерке Есмахан.

Еске сала кетейік, бұған дейін әншінің сахнада кең киім киіп шыққан видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын. Осыған байланысты оқырмандар оның қайтадан жүкті болуы мүмкін деген болжам жасаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0