Үйде соңғы сөз жолдасымдыкі.
Гүлнұр Оразымбетова Отбасы күніне орай отбасыдағы қарым-қатынасы туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әнші бұл туралы el.kz тілшілеріне берген сұхбатында айтып, шаңырақтағы міндеттер мен жолдасымен арадағы қарым-қатынасты сөз етті.
«Үйде соңғы сөз жолдасымдыкі. Ренжіскенде бірінші болып мен сөйлесемін. Отбасында ақшаны жақсы ұстайды. Бала тәрбиесінде қатал. Күйеуім маған көп комплимент айтады, «менің жұлдызымсың» дейді. Ас ішкенде телефонсыз отырамыз. Бақытты отбасының құпиясы – әке мен шешенің бір-біріне деген махаббатының нәтижесі», – деп жауап берді ол.