15.09.2026, 12:20

«Байға табынып, бір күні кеудесінен итересіңдер»: Мөлдір Анарбаева әйелдерге шүйлікті (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Танымал блогер Мөлдір Анарбаева ажырасу, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы және жұрт алдында сезім білдіру туралы ойын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Блогер әйелдерге тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуіне шектен тыс табынып, бар сезімін көпшілікке көрсетудің қажеті жоқ екенін жеткізді.

«Байға табынып аласыңдар да, бір күні «Өзімді таңдадым» деп кеудесінен итересіңдер. Оларға да обал! Реалист болыңдаршы! Ал кейде «Өмірім», «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім» деп жүргендеріңнің өрескел қателігін көріп, миымызды ағызып жылайсыңдар. Әй, кәдімгі бірге тұратын, балаларды екі жақтап жеткізетін өмірлік серік ретінде қарап, ғашық екендеріңді жұртқа жарияламай-ақ өмір сүруге бола ма?! Табынып, жолында өлермен болып, ол аз болса, отыра қалып ол байғұстың тырнағын алып, оны да жариялап, осы естерің түзу ме?! Қолдан инвалид жасап алып, ойбайлап, бір күні оянатындарың жаман. Әсіресе осыны көрсететін өнер адамдарына таңғаламын», – деді ол.

Блогердің бұл пікірі желі қолданушылары арасында қолдау тапты. Кейбір оқырман оның әзілмен жеткізген сөздерінің астарында шындық барын айтса, енді бірі Мөлдір Анарбаева жақында ажырасқан актриса Жанель Мақажан мен оның бұрынғы күйеуін меңзеп отырғанын жазды.