Оның сөзінше, Қабатов Орал өңіріне тән жаргондарды кең аудиторияға таратып, қазақ тілінің әдеби нормасына кері әсер еткен.
Танымал тарихшы, қоғам белсендісі Құттыбек Әшірхан журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа ренішін білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның сөзінше, Қабатов Орал өңіріне тән жаргондарды кең аудиторияға таратып, қазақ тілінің әдеби нормасына кері әсер еткен.
«Тұрсынбек Қабатовқа ренжіген жерім – Оралдың жаргонын миллиондаған көрерменге вирус сияқты жұқтырып кетті. "Айтып жатырқ, істеп жатырқ" деген. Мен айтамын: "Айналайын, "тырқ" деген сөз адамның аузынан шықпайды, артынан шығады. "Неменеге тырқ-тырқ етіп, тырқылдап отырсың?" деп айтады. Ол бір анайылау сөз. Әдеби нормаға келмейді. Біз әдеби норманы сақтауымыз керек. "Біррез" деген сөз бар тағы. Бұл – сөз емес, бөз. Біррез емес, "бір рет", "қайта", "дүркін" деген сияқты қазақтың қаншама синонимы бар. Сөйлеу мәдениетіне мән беру керек», – деді ол.