11.09.2026, 11:40

«Күйеубала керек емес пе?»: Тойдағы бейтаныс жігіт Тұрсынбектің қызына көңіл білдірді (ВИДЕО)

Фото: Бейнежазбадан

Астанадағы тойлардың бірінде Самат Есенұлы деген азамат “шақырылмаған тойдамыз” деген видео жариялаған,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

 Ол бірқатар эстрада жұлдыздарына барып, сөзге араласып, тіпті ортаға шығып тілек айтқан.

Ол Мөлдір Мұқанның қызы Әдемі Тұрсынбекқызына да қырындаған. 

Анасынан: "Күйеубала керек емес пе?" деп сұрады. 

Мөлдір Мұқанның өзі "Жоқ" деп жауап берді. 

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды: бірі бұл қылықты ерсі көрсе, екіншілері жеңіл әзіл деп қабылдап, күкісін тыя алмаған. Ал кейбір оқырмандар мұның бәрі алдын ала жоспарланған сценарий болуы мүмкін деген болжам жасауда.