Ескерткіштің авторы – белгілі мүсінші Гүлфия Мендеш.
Алматыдағы «Кеңсай» зиратында қазақ театр және кино өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің бейітіне қойылған ескерткіш салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ескерткіштің авторы – белгілі мүсінші Гүлфия Мендеш. Өнер иесі бұған дейін Асанәлі Әшімовтің көзі тірісінде де оның бірнеше бюст-ескерткішін жасаған. Бұл туралы марқұмның жесірі былай деді:
"Басымды көтеріп, жан-жағыма қарап, кімге айтамын, кіммен ақылдасамын дедім. Қыз баласы болғандықтан әр адамға бір жаутаңдай алмадым. Сондықтан жүрегімді түсінеді ғой деп Гүлфияға қолқа салдым. Ол бар махаббатымен мүсінін сомдап берді", деді Бағдат Әшімова.
Асанәлі Әшімов ұлттық өнердің дамуына өлшеусіз үлес қосып, театр сахнасы мен кино әлемінде көптеген есте қаларлық образды көрерменге ұсынды. Ол актерлік шеберлігімен қатар, режиссерлік қызметі арқылы да қазақ театрының өркендеуіне елеулі еңбек сіңірді.