$ 456.56  530.52  5.28

«Димаш ән салған той»: Танымал блогер Дәмелінің қуанышынан жаңа кадрлар тарады (ВИДЕО)

Кейін оның ұзату тойы Шымкентте өткені белгілі болды.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Dамеля Sweet атымен танымал блогер Дәмелі Бектұрсынованың Алматыдағы тойы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Блогер жеке өмірінде өзгерістер болғаннан кейін Instagram парақшасын өшіріп, көпшілік көзінен уақытша алыстаған еді. Кейін оның ұзату тойы Шымкентте өткені белгілі болды. Ал негізгі тойы Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде ұйымдастырылған. 

Дәмелінің таңдаған жары – Мұрат есімді азамат. Оның шетелде білім алғаны айтылады. Жас жұбайлардың қуанышына қоғамға белгілі бірқатар тұлға қатысқан. Қонақтар қатарында кәсіпкер Кеңес Рақышев пен жұбайы Әсел Тасмағамбетова, сондай-ақ депутаттар мен мемлекеттік қызметтегі азаматтар болған.

Той барысында сахнаға «А’Студио» тобы мен әнші Димаш Құдайберген шығып, көпшілікке өнер көрсетті.

Желі қолданушылары блогердің тойынан тараған кадрларды қызу талқылап, қонақтар мен мерекенің сән-салтанатына назар аударуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0