$ 456.56  530.52  5.28

Энрике Иглесиас Алматыдағы концертінде қазақша сөйледі (ВИДЕО)

Концерт барысында жанкүйерлер әншіге гүл сыйлады.

Фото: Angel Marchini/SOPA Images/LightRocket via Getty Images
Фото: Angel Marchini/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Әлемге әйгілі әнші Энрике Иглесиас Алматыдағы концертінде қазақша сөйлеп, көрермендерді ерекше қуантты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Испаниялық әншінің концерті Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Сахнаға шыққан Энрике Иглесиас алғашқы минуттардан-ақ көрермендермен белсенді тілдесіп, «Сәлем!» деп қазақша амандасты.

Концерт барысында жанкүйерлер әншіге гүл сыйлады. Өнерпаз оларға алғысын қазақ тілінде білдіріп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Энрике Иглесиас кеште өзінің танымал I'm Free, Be With You, Heartbeat, Bailamos және басқа да хит әндерін орындады. Шоу лазерлік эффектілермен, отшашумен және көрермендерге таратылған жарқыраған білезіктермен толықты.

Шамамен бір жарым сағатқа созылған концерт соңында жанкүйерлер әншіні сахнадан жібермей, оның есімін ұрандатты. Энрике Иглесиас қайта сахнаға шығып, бірнеше әнін биске орындады. Олардың қатарында әйгілі Hero әні де болды.

Концерт ауқымды отшашумен аяқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0