$ 455.86  528.84  5.25

«Сүйінші, қазақ елі!»: Сәкен Майғазиев қуанышты жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)

"Бірге боламыз, Құдай қаласа".

Фото: Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

«МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев халықтан сүйінші сұрап, Кенжебек Жанәбіловтің Ақтауға ұшып келгенін хабарлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін Кенжебек Жанәбілов жүрек ұстамасынан кейін ауруханаға түскен болатын. Ем қабылдап, жағдайы жақсарған соң дәрігерлер әншіге ұшақпен ұшуға рұқсат берген.

Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі жазбасында әріптесінің бүгін Ақтауға келгенін айтып, қуанышын бөлісті.

«Сүйінші, қазақ елі. Дәрігерлер рұқсат беріп, Кенжебек бүгін Ақтауға ұшып келді. Бірге боламыз, Құдай қаласа», – деді әнші.

Бұл жаңалықты естіген оқырмандар да Кенжебек Жанәбіловке жылы тілектерін жолдады.

«Алла шипа берсін! МузАрт үшеу болып жүріңіздер. Алдындағы бір концертте екеу болып қалып еді. Жаман екен! Ауырмаңыздар», – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін мамандар әншіге ота жасалған жағдайда оның кемінде 3-4 ай сахнадан тыс қалып, емделіп, демалуы қажет екенін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0