$ 455.4  526.99  5.25

«Осылар менің жүйкеме тиеді»: Ләйлә Сұлтанқызы кинотеатрдағы көрермендерге шүйлікті (ВИДЕО)

Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Ләйлә Сұлтанқызы кинотеатрдағы көрермендердің әдепсіз әрекеттеріне наразы болды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы кинотеатрда сақталуы тиіс қарапайым әдеп ережелерін еске салды. Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ол кинотеатрда қолына жабысқан сағызды көрсетіп, көрермендерді бір-біріне және өнер иелеріне құрметпен қарауға шақырды.

«Құдай үшін! Киноға барғанда:сағыздарыңызды орындыққа жабыстырмаңыздаршы, ыстық тамақ жемесеңіздер екен, вспышкамен видео түсірмеңіздер, кешікпеңіздер, әңгіме айтатын жер емес. Осылар менің жүйкеме тиеді», – деді ол.

Тележүргізушінің сөзі желі қолданушылары арасында қолдау тапты. Көпшілік кинотеатрдағы тәртіпке қатысты өз пікірін білдірді.

«Иә, кішкентай баламен бармау керек. Жұрттың мазасын алады, өзі де, анасы да кино көрген құрлы болмайды», «Мен семечка шағып отырған адамдарды көргем», «Кинотеатрға барып шемішке шағатын, чипсыны дауысын шығарып жейтіндерге жыным келеді», «Өте орынды», – деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0