$ 455.4  526.99  5.25

«Түсірілім алаңында талып қалды»: Жарқынай Ханайым әріптестерін шошытты (ВИДЕО)

Желіде тараған видеодан актрисаның кенеттен құлап қалғанын көруге болады.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Актриса Жарқынай Ханайым түсірілім кезінде есінен танып қалған кейіп танытып, айналасындағыларды әбігерге салды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған видеодан актрисаның кенеттен құлап қалғанын көруге болады. Мұны байқаған түсірілім тобы бірден көмекке ұмтылып, жұмысты тоқтатқан.

Алайда көп ұзамай бұл жағдайдың алдын ала ұйымдастырылған әзіл екені белгілі болды. Желі қолданушылары Жарқынай Ханайымның актерлік шеберлігіне тәнті болып, түрлі пікір қалдырды.

«Әртіс деген осындай болуы керек», «Шын талып қалды деп ойладық», «Керемет ойнады», – деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0